25 сәу, 2021 сағат 23:14

Иранда «Ков Иран Баракат» вакцинасы клиникалық сынағының 3-сатысы басталды


Бүгін Иранда COVID-19-ға қарсы «Ков Иран Баракат» отандық вакцинасы клиникалық сынағының үшінші сатысын бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Иран Ислам Республикасы ақпараттық агенттігінің мәліметінше, Тегеранда басталған клиникалық сынақ барысында вакцинаны ең бірінші болып Иран Парламенті Инфекциялық аурулар жөніндегі ұлттық комитетінің мүшесі Мину Мохрез, Денсаулық сақтау комиссиясының басшысы Хоссейн Әли Шахриари және Хамадан медицина университетінің бұрынғы профессоры Амир Заргар алған. 

Коронавирусқа қарсы «Ков Иран Баракат» вакцинасы клиникалық сынағының үшінші сатысы аясында Тегеран, Бушер, Шираз, Карадж, Мешхед және Исфахан қалаларының 18-бен 75 жас аралығындағы 20 мың тұрғыны алады. 

Айта кетерлігі, 32 мыңнан астам ерікті осынау зерттеу жобасына қатысуға дайын екендіктерін білдірген болатын. 

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Иранда 2 377 039 адам коронавируспен ауырған. Оның ішінде 69 125 адам көз жұмды. Иранда коронавирус алғаш таралған сәттен бері 1 863 405 адам індеттен жазылып шықты.