Иран Қарулы күштерінің Бас штабы Ибрахим Раиси мінген тікұшақтың апатқа ұшырауына қатысты қорытынды есеп жариялап, апаттың негізгі себебін атады, деп хабарлайды РИА Новости.
"Тікұшақтың апатқа ұшырауының негізгі себебі өңірдегі көктемгі маусымдағы климаттық жағдайлардың күрделілігі, қалың тұманның кенеттен пайда болуы болды. Соның салдарынан әуе кемесі таумен соқтығысты", - деп жазады агенттік Иран ҚК Бас штабының есебін.
Естеріңізге сала кетейік, мамыр айының ортасында Иранда ел президенті Ибрахим Раиси мен сыртқы істер министрі Хоссейн Амир-Абдоллахиян отырған тікұшақ апатқа ұшырағаны.
Кеме 10 сағаттан астам ізделіп, апат орны мен тікұшақ сынықтары тек 20 мамырда табылған. Кейін Иранда тікұшақ бортында болған барлық адам қаза тапқаны ресми түрде расталды. Президент әкімшілігінің басшысы Голамхосейн Исмаили президент колоннасына тиесілі үш тікұшақтың бірінде болғанын айтқан. 23 мамырда Ибрахим Раиси өзінің туған қаласы Мешхедте, елдің солтүстік-шығысында жерленді.