22 нау, 2021 сағат 10:50

Ирак кемесін Иран аумағында қарақшылар басып алды

Ирактың жеке азаматына тиесілі кемені Иран аумағындағы суда белгісіз адамдар басып алды, деп хабарлайды Mavasin News жаңалықтар порталы.

Қарақшылар кемені босатқаны үшін 80 мың доллар көлемінде төлем талап етуде. Кеме иесінің айтуынша, оның Иран жағалауында, Бушер портынан солтүстікке қарай шамамен жеті миль қашықтықта тоқтағаны туралы ақпарат бар. Буксир мен оның экипажы қазір қайда екені белгісіз. 

Басра провинциясының депутаты Казем Хамами бұл оқиға туралы Бахрейндегі теңіздегі Төтенше жағдайлар кезіндегі өзара көмек орталығына, сондай-ақ Ирактың «көрші елдермен екіжақты қарым-қатынас» үшін жауапты тиісті мемлекеттік органдарына хабарлауға уәде берді.