iPhone смартфонына, яғни жаңа iOS 16 операциялық жүйесіне қазақ тілі енгізіледі. Енді қазақстандықтар мемлекеттік тілдің қаріптерін қосымшаларсыз-ақ пайдалана алады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Apple ресми сайтының мәліметінше, бұл жолы операциялық жүйе толықтай жаңартылған.
"Операциялық жүйе жаңа тілдермен толықты. iOS 16-да қазақ және болгар тілдері болады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2019 жылы iOS 13-те қазақша пернетақта пайда болған еді.