Бүгін, жұмада Ион теңізінде бортында 237 жолаушысы бар лайнерде өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат France-Presse агенттігіне сілтеме жасап.
«Бортта 51 экипаж мүшесі де болған. Оқиға орнына үш патрульдік қайық пен жағалау күзетінің үш буксирі жіберілді», -делінген жергілікті полиция қызметінің мәлімдемесінде.
Оқиға Грекияның Корфу аралының жағалауында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ешкім зардап шекпеген. Өрттің шығу себебі әлі белгісіз, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлады полиция.