Қазақстанның Интерпол Ұлттық орталық бюросы танымал вайнер Әзімжан Саидбаевтың Түркияда ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Poisia.kz-ге сілтеме жасап.
"Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдік бойынша іздеуде жүрген Әзімжан Саидбаевтың ұсталуы туралы шетелдік әріптестерден ресми ақпарат әлі түскен жоқ", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Әлеуметтік желілерде Әзімжан Саидбаевтың Түркияда ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған.
Еске салайық, қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген вайнер Әзімжан Саидбаевқа іздеу жарияланған болатын.