Индонезия жағалауында бортында 200-ге жуық адам болған паром өртенді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Табиғи апаттардың салдарын жою бойынша жергілікті басқарма қызметкерінің хабарлауынша, борттағы адамдардың барлығы құтқарылған, олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Алайда оқиға кезінде кемедегідер қатты үрейленген.
«Борттағы адамдардың барлығы құтқарылды және жақын жердегі аралға жеткізілді», - деген Табиғи апаттардың салдарын жою бойынша басқарманың ТЖ бойынша бөлім басшысы Ахмад Сангаджидің сөзін келтірді агенттік.
Оқиға орнына құтқарушылар мен еріктілер келді.