06 қаз, 2021 сағат 14:25

Имон Гилмор: Адам құқығы - ең бағалы құндылық


Адам құқығы - ең бағалы құндылық. Бұл туралы «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» азаматтық форумы барысында адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Одақтың арнаулы өкілі Имон Гилмор айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Одақтың арнаулы өкілі Имон Гилмордың айтуынша, барлық мемлекеттер жалпыға бірдей адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеу қағидасын ұстануы тиіс. 

«Бүгінгі форумға Орталық Азия елдерінің өкілдері арнайы келді. Біз мұнда азаматтық қоғамды дамытудың негізгі мәселелерін талқылаймыз. Айта кету керек, адам құқықтары тек өзіне тиесілі. Ол қай ортада, қай елде тұрмасын емін-еркін өмір сүруге құқылы. Оның ұлтына, жынысына, дініне, діліне ешкім тіл тигізбеуі керек. Біз барлық мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарға осыны талмай айтып келеміз. Бұл азаматтық қоғамда кеңінен көрініс табуы қажет. Сондай-ақ қоғамдық ортадан шыққан ұсыныс, пікірлер мен жаңашылдыққа қолдау көрсетеміз. Адам құқығы - ең бағалы құндылық. Форумның көздегіні осы», - дейді Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Одақтың арнаулы өкілі Имон Гилмор. 

Айта кетейік, Алматыда «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» азаматтық форумы өтіп жатыр. 

Шараға Орталық Азияның бес мемлекеті мен Еуропалық Одақтың делегациясы қатысып жатыр.