21 мам, 2021 сағат 14:53

Илон Маск Tesla ресми түрде Қазақстанға келетінін айтты


Америкалық миллиардер Илон Маск Tesla ресми түрде Қазақстанға, Ресейге және ТМД-ның басқа елдеріне келетінін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Біз жақында Ресейде боламыз, ал Tesla Ресейге ресми барады. Бұл керемет болар еді. Сондай-ақ, Қазақстанға, ТМД елдеріне кеңінен қарау керек", - деді Маск ресейлік "Новое знание" марафонында бейне байланыс арқылы.

Сонымен қатар, ол Tesla Ресейді электромобиль шығаратын зауыттардың ықтимал орны ретінде қарастыратынын айтты.

Бұған дейін Tesla Алматыда қызмет көрсету орталығын ашуы мүмкін екені хабарланған болатын. Tesla ресми сайтындағы картаға сүйенсек, сервис орталығы Байтұрсынов көшесі мен Абай даңғылы қиылысында орналасады.

2019 жылы Илон Қазақстанда электромобильдерге арналған қызмет көрсету орталықтары мен қуаттау станцияларын ашатынын айтқан еді.