19 шіл, 2020 сағат 18:55

Иллинойс штатындағы атыс: 12 адам жараланды

Белгісіз біреу Пеория қаласында (Иллинойс штаты) 19 шілдеде, таңертең жағалауда топтаса қыдырып жүрген адамдарға оқ жаудырған. Кем дегенде 12 адам зардап шекті, деп хабарлайды Fox News телеарнасы.

Жергілікті полицияның өкілі Эми Дотсонның айтуынша, келеңсіз жағдай жергілікті уақытпен 04.42-де, 200-ге жуық адам жиналған қалалық жағалауда болған.

Оқ тиіп жараланғандардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Дегенмен зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр.