Ілбіс жойылып кету қаупі алдында тұр. 2040 жылы ілбістердің популяциясы тағы 10%-ға қысқарады, деп хабарлайды БҰҰ.
БҰҰ дерегі бойынша, әлемде 4000-7500 ілбіс қалған. Оларға «мифтік жануар» деген атау да берілген, себебі олар адамның көзіне сирек түседі.
Халықаралық табиғатты қорғау одағы атап өткендей, браконьерліктен басқа басты қауіптердің бірі – шаруашылық қызметті кеңейтіп, адамдардың барыс мекендейтін аумаққа өтуі. Өйткені, бұл жануарлар әрі қарай орманға жылжиды, ал ілбістің саны азайып барады.
Тағы бір фактор – климаттың өзгеруі. Соның салдарынан экожүйе өзгеріске ұшырып, адамның да, ілбістің де өміріне ықпал етуде.
Тәжікстан мен Қырғызстанда БҰҰ қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы бойынша «Жойылып бара жатқан қазына» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Қырғызстанда ілбістер саны — 500. 2013 жылы ілбісті сақтау бойынша жаһандық стратегия қабылданды. Қазақстан бұл жобаға былтыр қосылды.
«Ілбіс мекендейтін елдердің жергілікті қоғамдастығын осы мәселені шешуге тартудың маңызы зор. Адамдардың әрекетін өзгертіп, жергілікті тұрғындарды жұмылдыру қажет. Иә, ілбістерді өз көзімен көргендер саны аз. Дегенмен, олар өмір сүріп жатыр және біз оларды құтқаруымыз керек!», - деп хабарлады БҰҰ Бас хатшылығының көмекшісі Джихан Султаноглу.
Айта кетейік, Қазақстанда ілбістің саны 130-150 деп бағаланып отыр. Ол Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Тарбағатай, Алтай тауларын мекендейді.