26 ақп, 2018 сағат 09:12

ІІМ Астанадағы тергеу изоляторынан қылмыскердің қашып кеткенін мәлімдеді

ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесінің комитеті Астанадағы тергеу изоляторынан қылмыскер қашып кеткенін мəлімдеді деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат" "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап.

Бір қабаттағы ғимаратта серуендеуге арналған алаңда жүрген қылмыскер шатырдан шағын қоршауға секіріп қоршаудан қашып шыққан.

Астана ІІД криминалдық полициясы таратқан ақпаратқа сəйкес, кеше сағат 11шамасында ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2-тармағы бойынша бес жылға сотталған 1982 жылғы Арғымбаев Ерасыл Қайыргелдіұлы  Астанадағы ЕС-166/1 мекемесінен қашып кетті.

"Е.Қ.Арғымбаев Қарағанды облысы Нұра ауданының Киевка ауылында дүниеге келген. Бұған дейін Қылмыстық кодекстің 251-бабы, 1-тармағы (2008 ж.), 120-бабы, 1-тармағы (2012 ж.) және 188-бабы, 2-тармағы бойынша сотталған болатын. Қылмыскердің үстінде көк бушлат, ал басында қара бас киім болды", - делінген ресми xабарламада. 

Астана қалалық Ішкі істер департаменті Криминалдық полициясы қылмыскерді көрген, я болмаса, ұстаған жағдайда 8 (71772) 71-60-10, 53-19-64, 8-701-673-62-68 телефондары бойынша xабарласуды сұрайды. 

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Астананың шығаберісінде көлік кептелісінің басталғаны туралы ақпарат та тарап жатыр. Қолданушылардың сөзіне қарағанда, тәртіп сақшылары әрбір көлікті жіті тексеруде.