Ғылыми жарияланымдарға арналған журналдар қатары артады. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Өткен жылы жоғары оқу орындарындағы академиялық адалдықтың негізгі қағидаттары нормативтік құжаттарда бекітілген болатын. Жарияланымдарға қойылатын талаптар күшейтілді. Сәкесінше отандық ғылыми журналдар да контент сапасына ерекше назар аудара бастады», – деді министр.
Оның атап өтуінше, бұл шешім былтыр сәуір айында қабылданғанымен, журналдарға қойылатын жаңа талаптар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.
«Яғни, баспаларға өз журналдарын жаңа сапалы талаптарға бейімдей алуы үшін жеткілікті уақыт берілді. Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті қабылдаған басылымдарының жаңа тізіліміне 31 журнал кірді. Бұл журналдардың қатары әлі де артатын болады», - деді Асхат Аймағамбетов.