Гватемаланың құтқару қызметі жексенбі күні ел астанасы Гватемала қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Фуэго вулканының оянғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prensa Libre газеті.
Лава тасқыны ұзындығы 1,5 шақырымға созылды, жер астынан көп көлемде күл-топырақ ауаға таралды. Ол 5 шақырым жерге дейін шашылды. Азаматтарды эвакуациялау мәселесі әзірге көтерілген жоқ.
Фуэго жанартауы соңғы рет 2018 жылдың 3 маусымында оянған еді. Табиғат апатынан сол кезде 200-ден аса адам өлді.