Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукаримова арасында не болғанын жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Гүлзира Айдарбековаға туған күнін Мальдив аралдарында атап өткен Қайрат Нұртастың жанында неге жары Жұлдыз Абдукаримова жоқ деген сауал қойылып, түрлі пікір жазылып жатыр. Оқырмандарының біріне жауап берген әншінің анасы оларды "бүгін ұрысса, ертең татуласуы мүмкін" деді. Сонымен қатар, "араларына жалмауыздар түсіп жалмағанын" да айтты.
"Жұлдызды мен жаман деп жатқаным жоқ, кінә екеуінен де бар. Бүгін ұрысса, ертең татуласуы мүмкін. Көрінгеннен кір іздеп азғырып не керек. Қайрат та, Жұлдыз да жаман емес, араларына жалмауыздар түсіп жалмады, болды. Сендер ойлағандай тоқалы да жоқ. Енді ойламаса әлі күнге дейін тоқал алу миына да кіріп шыққан емес. Жұрттың сөзі өсегі, арандатушылығы құртатын, бір-біріне жамандар өсектеп" - деп пікірлерге жауап берді Гүлзира Айдарбекова.
Тағы бір пікірге жауабында "Естерін жияр, төрт бүлдіршінінің бағына. Алла сабыр берсін, кім ұрыспай жатыр" деді.
Еске салайық, әнші Қайрат Нұртас 33 жасын Мальдив аралдарында дүркіретіп атап өтті. Ақылы негізде 30 адамға арналған тур 6 күнге созылады. Әнші ұйымдастырған тур бағдарламасы бойынша танысу кеші, түрлі ойындар мен ән кеші өтті.