Бұл туралы Азаттықтың грузин қызметі хабарлаған.
Премьер Ираклий Кобахидзе президент Саломе Зурабишвилиді Тәуелсіздік күніне арналған іс-шарада сөйлеген сөзінде:
"Халық пен ол таңдаған биліктің бірлігі және мағыналы қадамдары бізге экзистенциалды қауіптер мен жан-жақты опасыздықтарға, соның ішінде президенттің опасыздығына қарамастан, өткен 2 жыл ішінде елде бейбітшілікті сақтауға мүмкіндік берді", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Саломе Зурабишвили үкіметтің батысқа қарсы бетбұрысын "сатқындық" деп атаған.
Еске салайық, кейінгі бірнеше аптада Грузияда Ресейдегідей шетелдік агенттер туралы заңының баламасына қарсы наразылықтар басылмай келеді. Грузияның мыңдаған азаматы заңның қабылдануына қарсы. Олар бірнеше рет демонстрация өткізіп, жүздеген адам ұсталған.