18 мау, 2020 сағат 10:31

Гондурас президенті мен оның зайыбы коронавирус жұқтырды

Гондурас президенті Хуан Орландо Эрнандес өзінен және зайыбынан коронавирус анқталғанын мәлім етті, деп хабарлайды CNN.

«Демалыс күндері өзімді жайсыз сезіндім. Ал бүгін маған COVID-19 диагнозы қойылды», - деп мәлімдеді Эрнандес халыққа жолдаған телеүндеуінде.

Президент өзінде сырқаттың жеңіл белгілері бар екенін және ем қабылдап жатқанын айтты. Сондай-ақ ол дәрігерлердің бақылауында болып, тікелей міндеттерін өз үйінде қашықтан орындайтынын растады.

Х.Эрнандес жаңа вирусты жұқтырған Латын Америкадағы алғашқы президент.

Оның зайыбы, Гондурастың бірінші ханымы Ана Гарсия және президенттің екі көмекшісі де коронавируске шалдыққан.

Ана Гарсияда індет симптомдары жоқ. Бірақ диагноз анықталғаннан кейін ол үйінде оқшауланған.

Бүгінде Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, елде коронавирус жұқтырған 10 299 жағдай тіркелген. Гондураста жаңа вирустан 336 адам көз жұмды.