Геннадий Головкиннің бапкері Джонатон Бэнкс боксшының украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы өткізетін жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz агенттігі.
Сөз арасында Бэнкс өзінің қарсыласы – Деревянченконың бапкері Андре Розье туралы да айтты.
«Розьеге қарсы тұру - мен үшін де зор абырой, мен осы сөзді 15 жыл бұрын әуесқой бокста жүрген кезімде-ақ айтқанмын. Бұл жігітті тек құрметтеймін. Бұл осы жекпе-жекті мен үшін Головкиннің мансабындағы ең ірі айқастардың біріне айналдырады. Мен Розьенің тарихын жақсы білемін, оның айналасында үнемі жақсы боксшылар жүрген, өйткені олар Розьенің өзін жаңа деңгейге шығаратынын біледі. Бұл жақсы жекпе-жек болады», - деді Бэнкс.
Еске салайық, Геннадий Головкин — Сергей Деревянченко айқасы 5 қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтеді. Боксшылар бірінші баспасөз мәслихатын өткізіп, көз арбасты.