18 нау, 2021 сағат 08:21

Головкин жапон боксшысы Риота Муратамен жекпе-жек өткізуі мүмкін

Мексикалық боксшы Хайме Мунгияның (36-0, 29 КО) промоутері Фернандо Бельтран Fino Boxing-ке берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) әзірге өз клиентімен күрескісі келмейтінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Бельтранның айтуынша, Головкин WBA Super нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы – жапон боксшысы Риота Муратаға (16-2, 13 КО) қарсы жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр. 

«Головкин жапон боксшысын қарсыласы етіп таңдады. Ол – чемпион, сондықтан бұның да рөлі зор. Оның таңдауын құрметтеймін», – деді Бельтран.