Супер орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Калеб Труакс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің DAZN стримингтік сервисімен жасасқан келісімшартын ақылға қонымсыз деп санайды, деп хабарлайды Sports.kz.
«Мен оның үш жылдық келісімшарт жасасқанына таң қаламын. Оның жасы - 36-да, сол себепті мұндай келісім шынымен де таңғаларлық қой. DAZN-ның да мұндай ұзақ мерзімге келісімшарт жасағаны қызық екен», - деді Труакс Express.co.uk-ке берген сұхбатында.
Айта кетейік, Головкиннің DAZN стримингтік сервисімен жасасқан келісімшарты үш жылға арналған. Бұл мерзімде ол әр жыл сайын екеуден - барлығы алты жекпе-жек өткізеді. Алғашқы кездесу маусымда болады, алайда қарсыласының есімі мен жекпе-жек уақыты әзірге жарияланған жоқ.