28 нау, 2019 сағат 13:52

Головкин маусым айында жекпе-жек өткізеді

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) келесі жекпе-жегін маусымда өткізеді және бұл DAZN стриминг қызметімен үш жылдық келісімшарт бойынша алғашқы жұдырықтасу болмақ, деп жазады Vesti.kz.

Бұл жекпе-жекте қазақстандыққа қарсылас ретінде польшалық Камил Шеремета (19-0, 4 KO) пен америкалық Брэндон Адамстың (21-2, 13 КО) есімі аталып отыр.

ExpressNews.com мәліметінше, жекпе-жек өтетін орынға қатысты Головкиннің командасы төрт қаланы қарастырып отыр: Сан-Антонио, Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Лас-Вегас.

GGG-дің ісін жүргізетін Том Леффлермен тілдескен промоутер Лестер Бедфордтың сөзінше, Alamodome аренасы (Сан-Антонио) басты орын ретінде қарастырылуда. Өйткені Головкин Лас-Вегас, Нью-Йорке және Лос-Анджелесте де жұдырықтасқан.

"Бізде Головкиннің жекпе-жегін қабылдауға шынымен жақсы мүмкіндік бар сияқты. Апта соңында анық болады", - дейді Бедфорд.