30 мау, 2020 сағат 17:55

Головкин-«Канело» жекпе-жектері үздік айқастар рейтингіне енді

Gambling.com сайты Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің айқастарын спорт тарихындағы 101 үздік жекпе-жектің қатарына қосты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан мен Мексика боксшыларының бәсекелестігі рейтингтің 91-ші орнына орналастырылған. 

«Орта салмақ үздіктері Головкин мен Альварестің тартысы ұзақ уақыт жарнамаланып, 2017 жылдың қыркүйегінде басталды.

Сол кезде әлі жеңіліп көрмеген GGG-дің рекорды ерек еді – 37-0-0, оның 33-ші нокаутпен аяқталған. Ал «Канело» Флойд Мейвезерден жеңілгеніне қарамастан, сол кезде спортта енді жұлдызы жана бастаған еді. 

Текетіреске алғашқы жекпе-жек себеп болды. Головкин мексикалық қарсыласынан 12 раундтың 10-ында басым түскенімен, төрешілердің шешімімен айқас тең аяқталды. 

Бір жылдан кейін матч-реванш болып, Головкин бірінші рет жеңілді. Ал «Канело» мықтылығын дәлелдеп келеді», - делінген ақпаратта.