28 қаң, 2019 сағат 21:45

Головкин-«Канело» үшінші жекпе-жегінің жаңа мерзімі айтылды

Boxingnews24.com журналисі Шон Джонс Сауль Альварестің (51-1-2, 34 КО) промоутері Оскар де ла Хойяның Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) үшінші жекпе-жек туралы сөздеріне қатысты түсініктемесін берді, деп хабарлайды Sports.kz.

Де ла Хойя Головкин-«Канело» арасындағы үшінші жекпе-жектің нақты болатынын мәлім етті. Алайда, ол айқастың қашан болатынын атаған жоқ, деп бөлісті Джонс.

«Егер Головкин зейнетке шықпаса, ол «Канеломен» жекпе-жекке шығу үшін 2020 жылды күтуі әбден мүмкін. Егер аталмыш трилогия өтсе, бұл 38 жастағы Головкинға қарсы жекпе-жек болады», - деп жазды автор.

Еске сала кетейік, Головкин мен «Канело» арасындағы бірінші жекпе-жек тең аяқталған, ал екіншісінде төрешілердің басым бөлігінің шешімімен жеңіс мексикалық боксшыға берілген.