26 қаз, 2019 сағат 10:06

Головкин – «Канело» үшінші айқасы қашан ұйымдастырылуы мүмкін

Промоутер және бұрынғы кәсіпқой боксшы, AKboxing.ru сайтының иесі Александр Колесников Sports.kz сайтына сұхбат беріп, «Чикагода келесі жылдың ақпанында Геннадий Головкин Сауль Альвареспен айқас өткізе ме?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Канело» мен Головкиннің ақпанда өтуі мүмкін жекпе-жегіне қатысты айтайын. Ол кезде айқас өтпеуі мүмкін. Себебі, Альварес Ковалевпен жұдырықтасады, оның салмағы, ол айқаста жеңетіні немесе жеңілетіні, жарақат алатын-алмайтыны белгісіз... Ақпан – «Канелоның» келесі айқасы үшін тым жақын, сондықтан Головкин бұл уақытта 200% Альвареспен рингке шықпайды. Егер олар бір салмақ дәрежесінде қалатын болса, бәрі де мүмкін, өйткені екеуінің де DAZN-мен келісімге отыруы бекер емес қой. Бұл келісім қос боксшының шешуші жекпе-жегін өткізу үшін жасалған болса керек», - деді ресейлік сарапшы.