03 мау, 2019 сағат 11:59

Головкин: Ескі мектептің боксшысы болғандықтан, жылына бірнеше рет бостасқым келеді

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин рингтегі белсенділігін арттырып, бір жылда төрт жекпе-жекке дейін өткізуді жоспарлауда, деп хабарлайды Sports.kz порталы.

8 маусымда Геннадий канадалық Стив Роллспен жекпе-жек өткізеді. Содан кейін қыркүйекте  Сауль «Канело» Альвареспен үшінші айқас өткізуге ниетті. Бұдан бөлек, рингке жылдың соңына қарай шығуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

«Менің DAZN-мен келісімшартым алты айқасқа жоспарланған. Егер Роллспен айқас сәтті өтсе, келесі жекпе-жек қыркүйекте болады. Ешқандай проблема («Канеломен») туындамаса, рингке желтоқсанда оралғым келеді. Мен қолымның бос болғанын қаламаймын. Бұл - менің стилім. Мен бұрынғы мектептің боксшысы болғандықтан, жылына екі рет емес, бірнеше рет бостасқым келеді. Үш-төрт жекпе-жек өткізгім келеді. Чемпион болуды қалаймын», - деп келтіреді GGG-дің сөзін Los Angeles Times.