WBA/WBC/IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшы WBA-дің «тұрақты» чемпионы Дэнни Джейкобсты алдын ала жеңетініне сенімді.
«Меніңше, Дэнни жекпе-жектің ортасына дейін жақсы қарсылық көрсетеді. Бірақ екінші жартысында, шамамен жетінші және тоғызыншы раундтардың арасында Геннадийдің күші әсер ете бастайды және Кёртис Стивенспен болғандай, Джейкобстың тарабы айқасты тоқтатады. Немесе Дэнни жақсы соққының құрбаны болады», - деп келтіреді Санчестің сөздерін Boxing Scene.