Орта салмақта WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) өткізетін титулдық жекпе-жек алдынан ашық жаттығу өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Боксшы алдымен ет қыздыру үшін жалғыз жаттығу жасап, артынша бапкері Джонатан Бэнкспен жұмыс істеді.
Еске сала кетейік, Головкин — Деревянченко бокс кеші Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында Нұр-Сұлтан уақытымен 6 қараша күні таңғы 6-да басталады. Боксшылар орта салмақта IBF және IBO тұжырымдарының бос тұрған белдіктеріне таласады. Осы бокс кешінің андеркардында тағы бір қазақ боксшысы Әли Ахмедов (15-0, 11 КО) өнер көрсетеді. Оның қарсыласы америкалық Эндрю Эрнандес (20-7-2, 9 КО).