07 там, 2019 сағат 03:59

Головкин Альвареспен жекпе-жек ұйымдастыра алмаған DAZN-ді сотқа бермек

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің Канеломен үшінші жекпе-жекті ұйымдастыра алмаған DAZN компаниясынан көңілі қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Естеріңізге сала кетейік, боксшылар осы жылдың қыркүйек айында "трилогияның" нүктесін қоюлары керек еді, алайда екі тарап өзара келісімге келе алмаған болатын. Қазақстандық боксшының командасы компанияның уәдесін орындай алмағанына, атап айтқанда Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жекті ұйымдастыра алмағанына риза емес.

Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге сәйкес, Головкиннің ұжымы DAZN-ге қарсы әрекет етуге дайындалып жатқан көрінеді. GGG Канеломен үшінші жекпе-жекті өткізіп беруге уәде бергені үшін DAZN стримингтік сервисімен келісімшартқа отырғанын айта кетейік.