Голливуд Қазақстанға қарсы санкция жарияланған жоқ. Бұл туралы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Шүкенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Спикердің айтуынша, Голливуд киностудиялары өз фильмдерін Қазақстанда көрсетуді тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған жоқ.
"Голливудтық компаниялардың ешқайсы Қазақстанға санкция жариялаған жоқ. Яғни, әлі ешкім ресми түрде қазақстандық кинотеатрларда голливудтық фильмдерді прокаттаудан бас тартпады", - деді Шүкенов.