видеодан алынған кадр
Қазақстандық тележүргізуші Абдель Мұхтаров Нью-Йорктегі гей-парадқа Қазақстан атынан қатысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жалаңаш денесіне еліміздің көк байрағын жамылып алған жігіттің көппен бірге шерулеткен видеосы желіде тарады.
Видео астына пікір білдірген желі қолданушыларының дені қазақ жігітінің бұл қылығын арсыздық деп бағалаған.
“Көк туды қорлағаны-ай мынаның”, “Қазақстанды масқаралап жүрген мұндай адамдарды мүлдем елге кіргізбеу керек” деп жазған олар.
Желідегі парақшасында тележүргізуші өз әрекетінің сынға ұшырауына қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, қазақстандықтардың теріс реакциясының екі себебі бар.
"Жаппай сауатсыздық, біздің халықтың білімсіз болуы. Бұл бірінші.... Екіншісі – кедейлік, материалдық және рухани", – деп жазды Абдель Instagram-да.
Оның пікірінше, гей-шерулер өтетін елдер "әлемдегі ең дамыған, ең бай және табысты мемлекеттер". Мұндай шерулерге тыйым салынған елдер, керісінше, "сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары кедей елдер".