Еуропаның бірқатар елінде коронавирустың өршуіне байланысты карантин шектеулері қатаңдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.
Қаңтар айының ортасынан бастап Францияда басқа елдердегідей «вакцина құжаты» іске қосылып, қолында ПТР теріс нәтижесі бар адамдар көпшілік шаралар, мейрамханалар және ұқсас жерлерге бара алмауы мүмкін.
Бірақ тиісті заңды әлі парламент бекітуі тиіс. Парижде қайта вакцина алудың төртінші дозасы енгізілетініні жоққа шығарылмады.
Алайда республика билігі локдаун енгізбеуді уәде тіп отыр.
Берлинде жаңа шектеулер сейсенбіден бастап күшіне енеді. Енді елде вакцина алған он адамнан, екпе салынбаған екіден көп адам кездесе алмайды, түнгі клубтар жабылуда, ал спорт шаралары көрерменсіз өтеді.
Австрияда шектеулер дүйсенбіден бастап күшіне енген. Енді елдегі мейрамханалар кешкі сағат 10-нан жабылуға міндетті.
Англияда, керісінше, Жаңа жылға қарай шектеулер енгізбеу жөнінде шешім қабылданды.
Британдық премьер Борис Джонсон түнгі клубтар, би орындары мен мейрамханалардың өздеріне ыңғайлы уақытта жұмыс істей алатынын қаулы етті.
Алайда Құрама корольдіктің қалған басқа бөліктері – Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландия көпшілік жиналатын ұйымдар жұмысы мен жеке кездесулерге қатысты қатаң шектеулер енгізген.
Лиссабон әуежайында ұшар алдында ПТР тестін тапсырып үлгермеген мыңдаған саяхаттаушы қалып қойған: әуежай зертханасында тест өткізуге арналған материалдар таусылып қалды.
Крисмас алдындағы күндері зертхана үзіліссіз жұмыс істеді. Жолаушыларға бірнеше сағат тосып тұру, не билеттерін ауыстыруға тура келген.