29 сәу, 2020 сағат 12:55

Германияда белгісіз біреулер бірнеше адамды пышақтап кетті

Германияның Ханау қаласында біреулер көшеде жүрген бірнеше адамға пышақ салған. Зардап шеккендердің төртеуі қалалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды жергілікті полиция.

Focus сайтының жазуынша, оқиға сейсенбі, 28 сәуір күні болған.

Ер адамдардың бұл әрекетіне не себеп болғанын белгісіз. Алдын ала мәліметтер бойынша, шабуылға бес-жеті адам қатысқан. Әзірге 23 және 29 жастағы екі күдікті ұсталды. Қалғандары қашып кеткен.

Қазіргі уақытта оқыс оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.