06 там, 2021 сағат 21:41

Германия су тасқынынан кейінгі қалпына келтіруге 10 млрд еуро жұмсайды


Су тасқынынан зардап шеккен Германия өңірлерін қалпына келтіруге дайындалған көмек пакетінің көлемі 10 млрд еуроны құрайды, деп хабарлайды Der Spiegel.

Бұл соманы жарты-жартыдан аймақтар мен федералды билік бөледі. Қажет болған жағдайда көмек пакеті ұлғайтылуы мүмкін. Қаражат өзге істермен қатар, көлік инфрақұрылымын қалпына келтіруге бағытталмақ. 

Еске сала кетейік, шілде айының ортасында Германияның батысы мен оңтүстік-батысында нөсер жауып, салдары су тасқынына әкелген болатын.

Рейн Ар мен Мозельдің салалары, сондай-ақ Зауэр, Прюм, Нимс, Киль және Эрфт өзендері арнасынан асты. Апат болған барлық елді мекенде қаза тапқандардың жалпы саны 180 адамнан көп, сондай-ақ 750-ден астам адам зардап шеккен.