14 ақп, 2021 сағат 22:09

Германия шекарадағы карантин шараларын күшейтті

Германия коронавирустың жаңа штамының таралуынан қорғанау мақсатында шекара қызметіндегі карантиндік шараларды күшейтті. Бұл туралы Euronews хабарлады.

Германияда жексенбіден бастап шекаралық аймақта карантин шаралары күшейтілді. Аталған ел Чехиямен шекаралық бақылау талаптарын қатаңдатып, Австрия федеральды аумағына кіретін Тироль жерімен байланысатын шекарасын жапты. 

Еске салсақ, бұған дейін Германияда COVID-19 таралу индикаторы тұрақты түрде төмендеуде – соңғы 7 күнде 100 000 тұрғынға шаққанда 64,2 адамның індетті жұқтыру жағдайы тіркелгені туралы хабарладық. Бұл көрсеткіш 50-ге дейін төмендеген кезде эпидемияға қарсы қатаң карантиндік шараларды жеңілдетпек.