11 қар, 2021 сағат 20:47

Германия Pfizer вакцинасымен егілетін мақсатты аудиторияны анықтады


Германия билігі Pfizer вакцинасымен коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация алу үшін мақсатты аудиторияны анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Грекия Үкіметіне антиковидтік шаралар қысқа мерзім ішінде вакцинация қарқынын арттыруға мүмкіндік берді. Барлық жерде енгізілген «жасыл рұқсатнамалар» азаматтар мен бизнеске бірқатар кедергілер келтіруде, дегенмен иммунизацияны жылдамдатуға көмектесті - бірінші дозаны алу үшін кезек қалыптасуда. Елде тестілеу мен вакцинация туралы куәліксіз тек азық-түлік дүкендеріне, базарларға, дәріханаларға, жанармай құю бекеттеріне және шіркеулерге баруға болады, сол себепті вакцинацияланбаған азаматтар үшін басқа нысандар қол жетімді болмайды. Вакцинация алудың негізгі контингенті-егде жастағы азаматтар және қауіп тобындағы диспансерлік есепте тұрған пациенттер. 

Германия билігі Pfizer вакцинасымен коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация алу үшін мақсатты аудиторияны анықтады. Сонымен, 30 жасқа толмаған адамдарды тек Pfizer/BioNTech препаратымен егу ұсынылады. Бұл артықшылық келесідей зерттеу нәтижелерімен түсіндіріледі-жас адамдарда егде адамдарға қарағанда жүрек ауруының туындау қаупі аз. Бір күн бұрын осындай ұсыныстарды Франция сарапшылары айтқан болатын. Ресми мәліметтерге сәйкес, пандемия басталғаннан бері Германияда 4,83 миллионнан астам КВИ инфекциясы диагнозы қойылды, COVID-19-бен ауыратын 97,3 мыңнан астам науқас қайтыс болды.