Бірнеше тұжырымдар бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен оның жұбайы Алина үшінші сәбиін күтіп жүр, деп жазады Sports.kz.
Бұл ақпаратпен Fox Sports пен The Ring танымал америкалық инсайдері Майк Коппинджер өз туиттерінде бөлісті. Оның айтуынша, сәби осы айда дүниеге келуі тиіс.
Айта кетейік, Головкиндер отбасы ұлы Вадим (2009 жылғы) мен бір қызды (2017 жылғы) тәрбиелеп отыр. Боксшының ұлы Лос-Анджелесте хоккеймен айналысуда. Қазіргі таңда Геннадий уақытын отбасымен бірге өткізіп, әлеуетті телесеріктестермен келіссөздер жүргізіп жатыр.
GGG рингке көктемде оралуы мүмкін.