#
#
Бейсенбі 13/08/2020

Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтеді?

  • 02.07.2020
  • 0
  • 221

ESPN телеарнасының бұрынғы журналисі Дэн Рафаэль қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) күзде шаршы алаңға оралып, IBF титулына міндетті үміткер поляк Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) кездесетінін растады, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

«Головкин келесі жекпе-жегін күзде өзінің міндетті үміткеріне қарсы өткізеді. Көреміз», — деп жазды Рафаэль Twitter парақшасында. 

Бұған дейін Шереметаның промоутері Анджей Васильевски Головкин командасы жекпе-жекті қазан немесе қараша айында өткізуді жоспарлап отырғанын айтқан болатын. 

Бір қызығы, бұл айқас бірнеше рет кейінге шегерілді, ал тамыздың ортасы жекпе-жектің соңғы жоспарланған күні болып саналған еді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар