Қазақстандық боксшы, орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин таяу уақытта 45 млн долларлық екі айқасқа келісімшарт жасауы мүмкін. Ірі қаржы ұсынысын DAZN стримингтік сервисі жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ring басылымына сілтеме жасап.
Головкин мен оның менеджерлік командасы DAZN басшылығымен келісім жүргізіп қана қоймай, қазақстандықтың болашақта болуы мүмкін қарсыластарын анықтаған. Геннадий Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) чемпионы Деметриус Андрадемен мамырда немесе маусымда айқасуы мүмкін.
Екінші жекпе-жек мамырдағы Сауль Альварес - Дэниэл Джейкобс матчының жеңімпазымен өтуі ықтимал.
Қазақстандық боксшының PBC компаниясынан ірі көлемдегі сомаға тағы бір коммерциялық ұсынысы бар.