12 сәу, 2022 сағат 15:36

Головкин жанкүйерлеріне алғыс айтты


Белгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жанкүйерлеріне алғыс білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" спортшының желідегі парақшасында сілтеме жасап.

«Бұл – естен кетпес ерекше сапар болды. Жапонияға, қонақжай жапон халқына, олардың бізге танытқан ыстық ықыласына алғысым ерекше. Күн Шығыс еліне тағы да ораламын деп ойлаймын. Барлық жанкүйерлеріме шексіз ризашылығымды білдіремін.

Көріскенше», - делінген боксшының instagram парақшасында.