Фото: ашық дереккөз
Қазақстандық блогер, актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты екі қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы оның бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы мәлімдеді. Енді блогердің әрекеттері әлеуметтік желіде емес, сотта қаралады, деп хабарлайды Ult.kz.
Фариза Алмасқызының айтуынша, бұрынғы күйеуіне қатысты сталкинг және жала жабу баптары бойынша іс қозғалған. Сталкингке оған 50 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылса, жала жабу фактісі бойынша бір жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалуы мүмкін.
Ерлі-зайыпты бір жыл бұрын ажырасқан. Олардың ортақ екі баласы бар. Фариза Алмасқызы адвокатымен бірге бұл істі соңына дейін жеткізуге ниетті екенін айтты.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Жақсыгеннің аты бұған дейін де жанжалдармен байланысты аталып жүрген. Ажырасқаннан кейін ол әлеуметтік желілерде бұрынғы жұбайына бағытталған қорлайтын жазбалар жариялаған. Сол жазбалар қоғамда қызу талқыланып, блогерге қатысты сын күшейген.
