© Sputnik/Ертай Сарбасов
Михаил Шайдоров туған қаласына оралды. Олимпиада чемпионын Алматы әуежайында түн ортасына қарамастан жүздеген жанкүйер күтіп алды, деп хабарлайды Ult.kz.
Спортшыны әкесі мен жаттықтырушылары да қарсы алуға келген.
Алматылықтар чемпионға арнап мерекелік бағдарлама ұйымдастырған: әуежайда музыка ойнап, қонақтарға дастархан жайылған. Қала тұрғындары сүйікті спортшысына ерекше құрмет көрсетті.
«Бүгін мені күткен баршаңызға рахмет. Барлық армандар орындалды. Мен шынымен қуаныштымын. Осындай қарсы алуды сөзбен жеткізу мүмкін емес», – деді Шайдоров.
Олимпиада чемпионы алдағы уақытта Қазақстанда мәнерлеп сырғанауды дамытуға, балалар мен жасөспірімдер арасында спортты насихаттауға күш салатынын айтты.
