25 ақп, 2026 сағат 10:57

Олимпиада жүлдегерлеріне баспана табысталды

 

Фото: inbusiness.kz


Қазақстан конькимен мәнерлеп сырғанау одағының атынан, демеуші Saltanat Diamond Gallery зергерлік үйінің қолдауымен спортшылар Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров пен мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина мен олардың бапкерлеріне пәтер сертификаттары табысталды, деп хабарлайды Ult.kz.

 

Салтанатты шарада ҰОК президенті Геннадий Головкин құттықтау сөз сөйледі.

 

Михаил Шайдоров пен оның бапкері Алексей Урманов үш бөлмелі пәтерге, ал Софья Самоделкина мен бас бапкер Әсем Касанова бір бөлмелі пәтерге сертификат алды. Спортшылар баспананы Астанадан, ал бапкерлер Алматыдан иеленеді.

 

Айта кетейік, Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиадада алтын медаль жеңіп алып, 32 жылдан кейін Қазақстан Әнұранын Олимпиада төрінде шырқатты. Бұған дейін ол «Барыс» орденінің II дәрежесімен марапатталған.

 

Ал Софья Самоделкина Олимпиадада үздік ондыққа еніп, жоғары нәтиже көрсетті.