Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының сахнасында Жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылған «Jas Stars» атты ауқымды жастар концерті өтті. Жарқын музыкалық шараға 5000-нан астам көрермен жиналып, заманауи технология, шығармашылық және азаматтық белсенділік тоғысқан алаңға айналды.
Концертке жастар ұйымдарының өкілдері, белсенділер, еріктілер және Алматы тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында спикерлер азаматтардың елдің қоғамдық өміріне қатысуының маңыздылығын атап өтіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдум мемлекет болашағы үшін маңызды оқиға екенін айтты.
Бағдарламаның ерекше қонақтары — робо-DJ Темірбек пен алматылық Әділет барысы көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды. Олар би билеп, интерактивті қойылымдар көрсетіп қана қоймай, көрермендермен белсенді байланыс орнатып, бірлік пен ортақ қатысудың атмосферасын қалыптастырды.
Темірбек роботы мен Әділет барысы жастарды азаматтық белсенділік танытып, алдағы референдумда жаңа Конституцияны қолдауға шақырды.
