09 мау, 2019 сағат 09:23

GGG: Үлкен шоу көргілеріңіз келсе, «Канелоны» шақырыңыздар

Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында канадалық Стив Роллсты жеңген Геннадий Головкин қыркүйекте рингке шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кәсіби бокстағы 39-шы кездесуін жеңіспен аяқтаған Головкин бокс кешін қорытындылап, сұхбат берді. Ол қыркүйек айында «Канеломен» кездесуге дайын екенін жеткізді.

«Мен өзімді жақсы сезініп тұрмын. Алдымен, мені қолдауға келген жанкүйерлеріме алғыс айтқым келеді. Мен бастапқыда Стив Роллсты бақылауға алдым, қашықтықты сақтап бір-екі раунда айқасуға мүмкіндік бердім. Ол нашар көрінген жоқ. Бірақ, оның соққыларын сезбедім. Мен рингке қайта оралдым. Өзімді тинейджер ретінде сезінемін. Енді кіммен рингке шыққым келетінін жақсы білесіздер. Қыркүйекте Сауль Алваресті кездесуге шақырамын. Үлкен шоу көргілеріңіз келсе, «Канелоға» осыны жеткізіңіздер. Мен өткен екі бокстан соң үлкен қорытынды жасадым. Қолдауларыңызға рахмет», - деді Головкин.

Еске салсақ, орта салмақтағы  WBA Super, WBC, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин кәсіби бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Сонымен қатар, бұған дейін жеңіліп көрмеген жерлесіміз Әли Ахмедов тәжірибелі америкалық Маркус МакДэниэлден басым түскен болатын.