27 қыр, 2021 сағат 13:06

Ғарышкер Айдын Айымбетов жаңа қызметке тағайындалды


Айдын Айымбетов "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компания басқармасының төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.

"Компания директорлар кеңесі шешімі бойынша Айымбетов Айдын Ақанұлы "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ басқармасының төрағасы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айдын Айымбетов 1972 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген. Қазақстан Әскери-әуе күштері қатарында ұшқыш-жауынгер және әуе командирі ретінде қызмет атқарды. 2015 жылғы қыркүйекте "Союз ТМА-18М" ғарыш кемесінің бортинженері ретінде Халықаралық ғарыш станциясына ұшты.

Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік және мемлекеттік секторларында басшылық лауазымдарында жұмыс атқарды:

2009-2010 жылдары –  Қазақстан Ұлттық ғарыш агенттігі Төрағасының кеңесшісі;

2010-2011 жылдары –  Қазақстан ҰҒА Ғарыш қызметін дамыту департаментінің директоры;

2011-2014 жылдары – "ҰҒЗТО" АҚ "Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институты" ЕЖШС Ғарыштық технологияларды ақпараттық-оқытушылық қамтамасыз ету басқарма басшысының орынбасары;

2014-2016 жылдары –  "ҰҒЗТО" АҚ "Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЕЖШС директорының орынбасары;

2016-2019 жылдары –  "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Ғарыш жүйелерін жасау және пайдалану жөніндегі Вице-президенті.

2019-2021 жылдары – "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары-Өндіріс жөніндегі Басқарма мүшесі.

2021 жылғы 13 қыркүйектен бастап "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ басқарма төрағасы.

Айдын Айымбетов - Қазақстан ұшқыш-ғарышкері, әуе генерал-майоры. Мемлекеттік награда мен құрмет атақтарына ие: "Халық Қаһарманы", "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы", "Отан" ордені.