Гамбург билігі коронавирустың өршуіне байланысты комендаттық сағат енгізу жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" NDR телерадиокомпаниясына сілтеме жасап.
Коменданттық сағат – сағат 21:00-ден 5:00 аралығында. Осы уақыт кезінде қала тұрғындарына орынды себепсіз пәтерден шығуларына болмайды. Дүкендер мен супермаркеттер 21.00-де жабылуы тиіс.
Сондай-ақ мектептерде оқушылар мен мұғалімдер колонавирусқа міндетті түрде экспресс-тест тапсыруы қажет. Ал балабақшалар айрықша режимге көшеді.
Қаулы 18 сәуірге дейін күшінде болады.
Жергілікті биліктің мәліметінше, тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 590-ға жеткен. Бұл 5 қаңтардан бергі тәулік ішіндегі ең жоғары көрсеткіш болып отыр.