11 шіл, 2022 сағат 14:45

Ғалымдар коронавирустың жаңа симптомын анықтады

©Photo : Li Ka Shing Faculty of Medicine, The University of Hong Kong

Ғалымдар коронавирустың омикрон штамының жаңа симптомын анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі lenta.ru порталына сілтеме жасап.

"BA.5 үшін қосымша симптом – түнде терлеу. Тер көп шығатыны соншалық, пижама да, төсек-орын да су болып қалуы мүмкін", - деді профессор-иммунолог, биохимия оқытушысы Люк О'Нил.

Оның айтуынша, бұл белгінің дене қызуының көтерілуімен еш байланысы жоқ.

"Жаңа симптом – жаңа вирустың иммундық жүйемен кездесуінің нәтижесі. Осылайша сізде аурудың жаңа түрі пайда болады", - деп атап өтті профессор.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскенін мәлімдеді.

Ресми деректерге сүйенсек, соңғы екі аптада COVID-19-бен ауыру көрсеткіші 30%-ке артқан.

ДДСҰ қызметкерлері бұл омикрон штамы түрлерінің таралуымен байланысты деп санайды.