25 шіл, 2024 сағат 19:18

Ғалымдар бұған дейін болмаған ең ыстық күнді тіркеді


Фото: Visaudio Designs

Copernicus Climate Change Service (C3S) жақында бұған дейін болмаған ең ыстық күнді тіркеді, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат"

21 шілдеде жердегі орташа температура Цельсий бойынша 17,09 градусқа жеткен. Бұл былтыр шілдеде тіркелген 17,08 градус - рекордтан сәл жоғары. 1940 жылдан бастап жаһандық ауа райын бақылап келе жатқан ұйымның дерегінше бұған дейін мұндай ыстық күн тіркелмеген.

Copernicus директоры Карло Буонтемпо жылу толқындары бүкіл әлемге таралып жатқанын айтып, осы аптада температураның жаңа рекордтары болуы мүмкін екенін жеткізді.

"Былтыр өте жоғары температураның себебі Эль-Ниньо болды - Тынық мұхитының экваторлық бөлігіндегі су бетінің температурасының ауытқуы. Биылға келетін болсақ, бұл - Антарктидадағы жылынумен байланысты", -деді ол.