18 нау, 2019 сағат 09:33

Ғалымдар барлық диетаға ортақ қателікті тапты

Калифорния университетінің ғалымдары диета ұстау кезінде салмақ тастауға кедергі келтіретін қателікті тапты.    

Егер суды қажетті мөлшерде ішпесеңіз, қанша жерден қарақұмықты айранға араластырып жеп, грейпфрут диетасын ұстасаңыз да нәтиже сіз күткендей болмауы мүмкін.

"Суды өз алдына көп мөлшерде тұтыну салмақ тастауға жеткіліксіз болады. Бірақ диетаға кезінде ол көмектеседі", - делінген хабарламада.

Ғалымдар бұл әсіресе ерекше диеталар, оның ішінде, етті көп жейтіндер үшін маңызды екенін атап өтті. Мұндай жағдайда ағзада сұйықтықтың қажетті мөлшерде болмауы салмақ тастау тиімділігін төмендетіп қана қоймай, бүйрекке зиян келтіруі мүмкін, деп жазды Life.

Sputnik