13 сәу, 2021 сағат 08:57

Ғалымдар Анголада 34 мутациясы бар коронавирус штамын анықтады

Ғалымдар Ангола әуежайындағы саяхатшылардан коронавирустың 34 мутациясы бар жаңа нұсқасын анықтады. Бұл – барлық белгілі штамдарға қарағанда көп.

SARS-CoV-2 нұсқасы өте жұқпалы және ағзаның иммундық жүйесін басып тастай алады. Бұл туралы Известия сайты хабарлады. 

Бұрын белгісіз болған геном ақпан айының ортасында, Танзаниядан келген үш жолаушыны тестілеу кезінде анықталды. 

GISAID ашық мәліметтер базасында бұл африкалық елге саяхаттағаннан кейін анықталған тағы тоғыз геномдық жүйелілік туралы мәлімет бар, соның ішінде екеуінің анголалық штаммен бірдей негізі бар. 

Коронавирустың жаңа нұсқасы A.VOI.V2 деген уқытша атауға ие болған. Оның ДНК-сынан аминқышқылдарының 31 ауысуы (маңызды функционалдық ауысулар) анықталды. 

Африкалық ғалымдар анголалық нұсқа мутацияларының кейбіреулерін бұрын белгілі штамдардан да анықтаған. Мамандар бұл өзгерістердің ары қарай дамып, ДНК-да пайдалы белгілер ретінде бекітілгенін шамалап отыр. Жаңа штамды анықтаған медицина қызметкерлерінің пікірінше, осы мутациялардың барлығы коронавирустың антиденелерге қарсылығын жоғарылатып, оның жұқпалылығын арттыра алады.